|
25.10.2023 | 15:21
734

Республика күні: маңызды күнді ұлықтау – қазақстандықтардың парызы

Республика күні: маңызды күнді ұлықтау – қазақстандықтардың парызы Almaty.tv

Республика күнін ұрпақ қастерлеуі тиіс. Ал аға буынның өкілдері ұлттық мерекені тиісті деңгейде жастардың санасына сіңіре білуіміз керек. Бұл – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтің пікірі. Егемен елдің тарихы 25 қазаннан басталады деген депутат  халықты мерекемен құттықтады

– Республика күнін ынтымақты дәріптеп, бір-бірімізді сыйлап үйренуіміз керек. Болашақ ұрпақ тәуелсіз елді дамытудың негізгі бағыты саяси төзімділік, адами қарым-қатынас, халықтың ынтымағы екенін түсінуі тиіс. Республика күні құтты болсын! – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.  

Ал мәжілісмен Айдар Қожаназаров Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі әділдік деп бағалайды. Депутаттың айтуынша, маңызды күнді ұлықтау – қазақстандықтардың парызы.

– Республика күні – әділ Қазақстанның бастауы деуге болады. Республика күнімен құттықтаймын. Бәріміз әділ Қазақстанды құруға атсалысайық, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир