Бишімбаевтың ісі: сот залында айыпталушының жақтастары соңғы сөзін айтты

Almaty.tv
Almaty.tv
Жарыссөзінен соң қос сотталушыға сөз беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмеді. Сот залында айыпталушының жақтастары соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экс-министрдің ісіне қатысты тараптардың жарыссөзі бүгін де жалғасып жатыр. Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың әйелін өлтірем деген ойы болмағанына дәлел келтірді. Оның айтуынша, бұл ойын қасақана жүзеге асырғысы келсе, басқа әдісті қолданар еді.

– Егер Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келсе, сол күні онымен концертке барып, артынша мейрамханаға келіп, қарым-қатынасын түсінуге тырыспайды. Таңға дейін гастроорталық қызметкерлерінің көзінше екеуі сөйлеспейтін еді. Бір нәрсені анық түсіну керек. Қылмыс қасақана жасалмаған. Егер Бишімбаев кісі өлтіргісі келсе, оны өз қолымен істер ме еді? Ешкімге білдірмей киллер жалдап-ақ Нүкенованы өлтірер еді, – деді Қ. Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов

Кеше жәбірленуші тараптың қорғаушысы Игорь Вранчев Бишімбаевты соттау қоғамға сабақ болатынын жеткізген. Әріптесінің бұл сөзімен экс-министрдің адвокаты келіспеді.

Айта кетсек, тараптардың жарыссөзінен соң бүгін қос сотталушыға сөз беріледі. Бишімбаев пен Байжанов қылмыстық іске қатысты соңғы байламын айтады.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген қаржыны жымқырған

Новости партнеров