«Қазақстанның халқына» қоры халықтың әл-ауқатын жақсартуы тиіс – экономист

14.01.2022 21:32
Аlmaty.tv

Экономист Дидар Сүлейменов ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуіндегі алға қойған жоспарлары мен бағдарламалары оң нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мемлекет басшысының  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуіндегі алға қойған жоспарлары мен бағдарламалары оң нәтиже береді деп сенемін. Оның ішінде  «Қазақстанның халқына» қорының құрылуы халықтың әл-ауқатын әлдеқайда жақсартуы тиіс. Ал Президенттің көрегендігінің арқасында халықаралық қатынастар мәселелері бойынша біліктілін ескеретін болсақ, мемлекетіміз көпвекторлы саясат ұстанатын, дамыған елдердің санатына кіруі тиіс», – дейді экономист Дидар Сүлейменов.

Теги: Тоқаев