Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар қыздың отбасына пәтер беріледі

14.01.2022 20:31

Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты

Almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көпбалалы отбасына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр.

Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.