Президент: Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты

16.06.2022 20:32

Мемлекет басышсының айтуынша, аталмыш өңірдің алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталғанын атап өтті

Ақорда

Дербес облыс мәртебесі Ұлытау аймағын тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысныда осындай ой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басышсының айтуынша, аталмыш өңірдің алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталғанын атап өтті.


«Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты», - деді Президент.