Игі іске елордалықтар да өз үлесін қосып жатыр
Астана тұрғындары Республика күніне орай мыңнан астам ту ілді. Бас қаланың 5 ауданында терезе мен балконда және көше бойында көк байрақ желбіреп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Менің елім – менің туым!» челленджі аясындағы бастаманы алғашқылардың бірі болып қала еріктілері көтерген. Игі іске елордалықтар да өз үлесін қосып жатыр. Олардың айтуынша, бұл бастама Отанға, елге деген сүйіспеншілікті арттырады.
– Бұл күні тәуелсіздік алдық. Сондықтан мерекенің маңызы зор, – деді қала тұрғыны Әмина Келдібекова.
Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді