Депутат: Президентіміз үшін басты мәселе – халқының қауіпсіздігі мен елінің тәуелсіздігі

©www.inform.kz
©www.inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берді. Президент сұхбатына орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолғы сұхбатында қаңтардағы қанды оқиға байланысты тұшымды әрі түсінікті жауаптар болды. Ел Президенті үшін басты мәселе халқының қауіпсіздігі мен елінің тәуелсіздігі екенін көрсетті. Себебі сол бір оқиға кезінде террористерден халқының амандығын ойлап, күрделі шешімдерді қабылдап, қыруар жұмыс атқарылғаны айтылды. Сол кезде қабылданған әрбір шешіміне өкінбейтінін әрі дұрыс екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір болады. Заң – кез келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. Біз міндетті түрде бұған қол жеткізуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым» деп, қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселені қозғаған болатын.

Сонымен қатар сұхбат барысында Мемлекет басшысы шетелге заңсыз жіберілген қаражатты қайтару мәселесін көтеріп, осыған байланысты Үкіметке тапсырма бергені белгілі болды. Алдағы екі айдың ішінде Үкімет нақты ұсыныстарын ұсынатынын да сөз етті.

Тағы бір айта кететін мәселе – қазір тергеліп жатқан азаматтардың жағдайы. Нақты айтқанда, әрбір құқықбұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. «Кінәлі адамдар жазаға тартылады. Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазір бұл – ең маңызды мәселе. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады» деген Президент әр істің тиянақты тексеріліп, қаралатынын жеткізді.

Осындай қиын қыстау кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа баршамыз бірігіп қолдау көрсетуіміз қажет. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!" – дейді ол.

Дереккөзі: Айқын

Новости партнеров