Ұлыбританияда карантиндік шектеулер толығымен жойылады

стоп-кадр
стоп-кадр
Ережелерді алып тастау жоспарын Британ үкіметі бүгін ұсынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыбританияда карантиндік шектеулер толығымен жойылады. Ережелерді алып тастау жоспарын Британ үкіметі бүгін ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, бұл жетістікке - вакциналау мен зерттеулердің нәтижесінже қол жетті. Сондай-ақ олар тегін ПТР-тесттен бас тартпақшы. Себебі қазынаға үлкен ауыртпалық түскен. Ақысыз тексерістен өту тек қарттар мен ауырған адамдарға ғана беріледі.  

«Біз ел тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірін бастан өткердік. Коронавируспен бірге өмір сүру керек екенін түсіне бастадық. Пандемия әлі аяқталған жоқ, бірақ вакциналау бағдарламасының керемет ауқымының арқасында біз қазір қалыпты жағдайға оралуға бір қадам жақын тұрмыз», - деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирустан бірде-бір қазақстандық қайтыс болған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің берген тағы бір ақпарына сәйкес, ковидті 600-дей адам жұқтырған. Елдегі эпидемилогиялық бағалау матрицасы бойынша, екі өңір «жасыл» аймаққа орналасқан. Ал қауіпті аймақта Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы қалып отыр. Осылайша Қазақстан вирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті.

Новости партнеров