Қонақтар қолөнер шеберлері дайындаған тұрмыстық бұйымдар көрмесін тамашалады
Алматыда Республика күні қарсаңында «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан іс-шара дәстүрге айналған. Ұлттық ойындардың додасын тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының салт-дәстүрімен де кеңінен танысты. Негізгі ойындардан бөлек, фестивальге келушілер, сондай-ақ қолөнер шеберлері дайындаған тұрмыстық бұйымдардың көрмесін тамашалады.
– Ұлттық спорты, салт-дәстүрді үлгі-өнеге қылып бәріне дәріптеу мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іс-шаралар өтіп жатыр. Жамбы ату, теңге ілу, садақ ату, асық ойнау, күрес, көкпар және бәйге сынды ұлттық спорт түрінен жарыс өтеді , – деді қалалық бәйге федерациясының президенті Қуат Үсенов.
Оқи отырыңыз: Республика күні – мемлекет құрудың басты символы