Нұртай Сабильянов: Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және еліміздің бірлігін арттырып, өркендеуіне атсалысу. Сондай-ақ елімізде әртүрлі партия мен түрлі ұйым бар. Олардың бәрін бір жерге біріктіріп, қоғамда туындап жатқан мәселелерді ортаға салып талқылап, шешімін табу деп ойлаймын. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай жалпы қазақ халқының береке-бірлігін сақтау. Елміздің тұрақтылығын мен дамуын ары қарай жетілдіру. Осы Ұлттық құрылтайдың құрамына кірген азаматтар Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саясатын қолдап, халықпен бірлесіп жұмыс істеуі керек», – деді қоғам қайраткері.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылып, оның құрамына 117 адам енген болатын.

Новости партнеров