|
22.12.2023 | 15:52
759

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде қанша жоба іске қосылды

Министрдің айтуынша, елімізде өндірілмеген жаңа тауарлардың өндірісі жолға қойылды

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде қанша жоба іске қосылды Almaty.tv

Биыл Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 миллиард теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылған. Бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылды қорытындылап, салада атқарылған жұмыстарды жіпке тізді, деп хабарлады Almaty.tv.

Ведомство басшысының сөзінше, осы жылы 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар Қарағанды облысында екі кәсіпорын іске қосылса, күзде Жетісу, Қостанай облыстары мен Алматыдағы кәсіпорындар жаңартылған.  

– Тамыз айында «Дөң» тау-кен байыту комбинатының жиналған шламдарын өңдейтін байыту фабрикасы іске қосылды, қарашада Қарағанды облысында арнайы кокс шығаратын ауқымды жоба техникалық түрде іске қосылды. Қарағанды облысында ашылған тағы бір маңызды жоба – қуаттылығы жылына 330 мың тонна өнімді құрайтын әк шығаратын зауыт. Қыркүйекте Жетісу облысындағы керамикалық плитка өндірісінің қуаты ұлғайтылды. Қостанай индустриалды аймағында қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль болатын жаңа «Kia» зауытының құрылысы басталды. Алматыда Hyundai Trans Almaty зауытын жаңғырту аяқталды, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар соңғы жылдары басынан дау арылмаған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы отандық бизнесменнің қолына өтіп, «Қармет» болып өзгерді. Министрдің айтуынша, елімізде өндірілмеген жаңа тауарлардың өндірісі жолға қойылды.

– Былтыр және биыл даму институттары өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыруға 620 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық міндеттемелерді іске асыру үшін түзетулер пакеті әзірленді. Бұл 2029 жылға қарай металдарды ішкі өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир