Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер біртіндеп жүзеге асып жатыр

Сурет: Аlmaty.tv
Сурет: Аlmaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер біртіндеп жүзеге асып жатыр. Соның бірі - ел мен жердің жағдайы. Шығыстағы аудандарды қалпына келтіру ісі көптің тілегі болғанын ақын Әділғазы Қайырбеков айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

– Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру халықтың тілегі еді. Президент өз сөзінде бұл шекаралас аудандардың үлкен стратегиялық маңызы барын атты.  Халықтың қауіпсіздігі, шекарамыздың беріктігі қоғамның тілегі болатын. Осы шаруа жүзеге асқанына қатты қуанамыз. Алдағы уақытта аудандар өркендеп, экономикасы жақсарады, жұмыс орны ашылады. Халық туған жеріне қайтып оралады. Бұл болашақ үшін маңызды әрі ұтымды шешім болды, - деді халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы Қайырбеков.

Оқи отырыңыз: Тарих ғылымы саласына серпіліс әкелген үндеу болды


Новости партнеров