Депутаттардың жалақысының өсуіне 5 жылға мораторий қойылады – Тоқаев

11.01.2022 в 20:58

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысына қатысып, сөз сөйледі. Ол елдегі қазіргі ахуалы мен үкіметтің алдына қойған жаңа міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев депутаттардың, әкімдердің және Үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий енгізуді тапсырды.

«Билеуші партия мен депутаттардың, әкімдердің жалақыларына келер болсам, бұл мәселе былтырғы жылдың аяғында қоғам ішінде қызу талқыға түскен. Мен жоғарыда аталған қызметкерлердің жалақысы қазіргі таңда жеткілікті болады деп ойлаймын. Сондықтан, депутаттардың, әкімдердің және Үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий енгізуге болады деген ойдамын. Әрине, бұл мәжіліс депутаттары үшін жақсы жаңалық деуге келмейді. Бірақ мен сіздердің түсінуішілік танытатындарыңызға сенімдімін. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы бюджетке қарай көтерілетін болады», – деді Президент.