Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлік күштері лаңкес­тікке қарсы операцияларға қатыс­қан жоқ

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне көлемді сұхбат берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасіретті Қаңтар оқиғасынан бері тура 2 жыл өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне көлемді сұхбат беріп, қасіретті оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі жыл бұрынғы төңкеріс 3 кезеңмен жүзеге асқан. Бейбіт шерумен басталған митинг кейін жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президент «билікті күшпен басып алғысы келетіндердің арам ойы іске аспады» деп жазды.

– Сол кездегі ахуал өте күрделі болды, еліміз құрдымға кетуге шақ қалды. Бұған жол бермеу үшін барлық іс-әрекетті күндіз-түні және сағат сайын тікелей өзім бақылап отырдым. Екі апта бойы тапжылмай, Ақордада болдым, күн-түн демей, шұғыл жиналыстар өткіздім. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру – ең басты міндет еді, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дәл осындай аласапыран кезде ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына жүгінуді кейбіреулер «Ресейге жалтақтау» деп жариялаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты алып қашпа әңгімеге нүкте қойды. Оның айтуынша, біз сол кезде Ресейге емес, аталған ұйымның көмегіне жүгіндік. Оның үстіне, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік күштері лаңкестікке қарсы операцияларға қатыспаған.

– ҰҚШҰ бітімгерлік күштері лаңкес­тікке қарсы операцияларға қатыс­қан жоқ, бірде-бір оқ атқан жоқ. Армения жасағы «Ақсай» нан зауытын және «Алматы су» мекемесін, Беларусь жасағы Жетігендегі аэродромды, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының әскери қызметшілері Алматы қаласының бірінші және екінші жылу электр орталықтарын, Ресей жасағы үшінші жылу электр орталығы мен телекоммуникация нысандарын күзетті. Осы маңызды нысандарға лаңкестік шабуылдар жасалуы мүмкін деген қауіп болды. Сондықтан бітімгерлік күштер соларды күзетуге жіберілді. Ең бастысы, сол арқылы өз күштерімізді лаңкестікке қарсы операцияға жұмылдыруға мүмкіндік туды, – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы президенттік сайлауға қатыса ма

Новости партнеров