Кеше Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, күйік шалған 5 адам ауруханаға түскен еді. Бүгін зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2 қаңтарда өрттен зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілген.
«Оның ішінде үш ересек адам облыстық, ал екі жасөспірім балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бәрінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Бүгін, 3 қаңтарда 1965 жылы туған ер адам ауруханада қайтыс болды. Қалған науқастардың жағдайы әлі де ауыр деңгейде қалып отыр. Науқастар ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауға алып, барлық ем-дом шарасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.