Келер жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады

02.09.2022 21:15

Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаны құруға қатысты заң жобасы таныстырылды

Almaty.tv

Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаны құруға қатысты заң жобасы таныстырылды. Құжатта әкімдерді сайлау институтын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарға кезең-кезеңімен тарату бөлігіндегі тәртіп қарастырылған. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Конституциялық Соттың құрылуына байланысты маңызды түзетулер енгізілген. Белгіленген бағыттарды іске асыру конституциялық заңнаманы жүргізіліп жатқан саяси реформалармен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді деп түсіндірді. Сонымен қатар енді облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындаудың да өзгешеліктері барын жеткізді.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихаттардың қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылы жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімін сайлау өткізілді. Ал 2023 жылдан бастап режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлау өткізілетін болады», – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.