Президент өзіне жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінетіні хақ – Әлпейісова

18.02.2022 21:31
Фото: ашық дереккөзден

Аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілде берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Президенттің сұхбатын қайталап қарап шықтым. Түрлі эмоциялық пікірлерді де оқыдым - қалың бұқараның бәрі бірдей ойлауы, сөйлеуі мүмкін емес. Басым пікірлердің позитивті екені қуантты: ел болашағына алаңдап, амандықты, береке-бірлікті ойлаған жандардың «уһ» дегендері жазбаларынан байқалып тұр»,- деді Камал Әлпейісова.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы елдегі ахуалды жақсы біледі.

«Мемлекет басшысы елдегі ахуалды: халқының қолдайтынын да, сатқындық жасағандарды да, не істеу керектігін де жақсы біледі. Дипломат қой, байсалды, қандай жағдайда да өзін ұстай біледі. Мойнындағы жүктің жауапкершілігін де өте жақсы түсінетіні хақ. Жақсылыққа сенетін жандардың оны байқамауы мүмкін емес», - деді ол.

Айта кетейік, 17 ақпанда «Qazaqstan» телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты эфирге шықты. Президент сұхбатында «қасіретті қаңтар» оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.