Құрылтай - мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы

aikyn.kz
aikyn.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпкер, «DACO-MOTORS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сырымбек Тау Ұлттық құрылтайда өз ұсынысын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, жаңадан құрылған 3 облыс 3 түрлі бағытта дамуы керек.

«Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Құрылтай мүшелерінің алдында мен де өзімнің ұсынысымды айттым.

Біріншіден, жаңадан құрылған 3 облыс 3 түрлі бағытта дамыса дедім. Мәселен, облыстың бірі денсаулық саласын мықтап қолға алса, екіншісінде білім саласы қарыштаса, ал үшіншісінде бизнес қанат жайса, игі болар еді. Әр өңірдің мүмкіндігіне қарай осы жағдайларды тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді.  Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан босатып, еркін экономикалық аймақ ашсақ.  Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді. Құрылтай - мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іске өтсін», - деді Сырымбек Тау.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылып, оның құрамына 117 адам енген болатын.

Новости партнеров