Ел аумағындағы суармалы жерлер қалыпқа келтіріле ме

Almaty.tv
Almaty.tv
Мамандар Мемлекет басшысының пәрменімен қабылданған жаңа заңды талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында пайдалануға жарамды игерілмеген жер асты сулары бар. Алдағы уақытта тиімді жұмыс жасалмаса, шаруалар тіршілік нәрінсіз қалуы мүмкін. Алматыда жаңа Салық кодекс мәселесін сарапқа салған сала мамандары осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының пәрменімен қабылданған жаңа заңды талқылаған олар «суармалы егіншілік аймақтарда суды пайдаланудағы институционалдық өзгерістер» тақырыбына кеңінен тоқталды. Соңғы уақытта ауыл шаруашылығында судың тапшылығы жиі байқалған еді. Мамандардың айтуынша, бұл мәселені шешудің тиімді жолы – қолданыстағы суару жүйелерін қалпына келтіру және ел бойынша 1 миллион гектар суармалы жерді айналымға енгізу.

– Ел аумағында 1 миллион гектар суармалы жерді қалыпқа келтіру, оның ирригациясын енгізу қажет. Ол – үлкен аумақ, бір жылда істей алмаймыз. Әсіресе заң тұрғысында өзгерістер енгізу керек. Егер де 1 миллион гектар жерге су жеткізсек, 100 мыңнана аса жұмыс орны ашылады, – деді «Respublika» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Сондай-ақ отандық ғалымдар жайылымдардың сыйымдылығын арттыру үшін жер асты суларын тиімді пайдалану қажет екенін айтты. Бұл ретте, гидрогеологтар қайта барлау жұмыстарын жасап, артық қаржы шығармай-ақ, бұрынғы зерттеулердің көмегіне жүгінген дұрыс дейді. Соның негізінде жерасты суларының орналасқан аумағын картаға түсіріп, оны цифрлау қажет екен. Аталған бастама жүзеге асса, шаруашылықтарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ.

– Өкінішке қарай, жерасты сулары бар жерлер 100-150 метр терең. Ешқандай шаруа оған кететін қаражатты көтере алмайды. Сондықтан жоба жасап беруге әзірміз. Егер де мемлекет тарапынан қолдау болса, көп шаруаның төрт түлік мал өсіріп, бай-қуатты болуға шамасы бар, – деді Тау-кен инженері, гидрогеолог Шалабай Жүсиев.  

Оқи отырыңыз: Ұлттық рәміздер аллеясы: Ұлытау облысындағы жобаға қанша қаржы бөлінді

Новости партнеров