Егемендік декларациясы: ұлттық сипатты сақтап қалу міндеті тұрды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов егемендік туралы маңызды құжат қабылдау кезінде ұлттық сипатты сақтап қалу міндеті тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

- 1985 жылы Кеңестер одағында "қайта құру" деген науқан басталды. Балтық бойындағы республикалар егемендік декларациясын қабылдады. Осының барлығын көріп отырған Қазақстан билігі де маңызды құжатты қабылдауға бел буды. 90-шы жылдың көктемінен декларацияны даярлау басталды. Қазан айының 15 -16 күндері құжаттың екі нұсқасы талқыға түсті. Оның бірін Жоғарғы кеңес, екінші нұсқаны Демократиялық Қазақстан қозғалысы ұсынды.  25-ші қазанда талқылау басталды. Ол жиналыс 6 сағатқа созылды. Басты уәж Ұлттық мемлекет дегенде не айтамыз ? Англия, Франция мысалға келтірілді. Бәрі демократиялық мемлекет. Бірақ ұлттық сипатын сақтап отыр. Кешкі сағат 19.00 құжат қабылдады. Оның 17 пункты, 1 приамбуласы бар. Бұрынғы декларациямен салыстырғанда бұл декларацияны қабылдаған Қазақстанның жермен көктей айырмашылығы болды, - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

Оқи отырыңыз: Т. Жаманқұлов: Республика күні – елдігіміздің белгісі


Новости партнеров