Президент келер жылы Ұлттық құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды

Көкшетау қаласының әкімдігі
Көкшетау қаласының әкімдігі
Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

- Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым хан Сарайшықта, Абылай хан Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын, - деп қорытты сөзін Президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Үкіметке 4 ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырды

Новости партнеров