Іс-шараға республиканың барлық өңірінен 100-ге жуық оқушы келді
Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада Президент шыршасы өтті. Мерекелі іс-шараға республиканың барлық өңірінен 100-ге жуық оқушы келді. Жаңа жылдық кешті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сәлемдемесінен бастады. Іс-шарада көптеген сыйлық табысталып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
– Елімізде 6 млн-нан аса бала Жаңа жыл мерекесін тойлайды. Республикамыздың 20 өңірінен 100-ден аса оқушы Президент шыршасына қатысты, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Айта кетсек, білімімен және өнерімен дараланған озат оқушылар 3 күн қатарынан елорданың көрікті жерлерін аралап, Астананың құрметті қонағы болды.
– Астана маған ұнады. Музейге, аквариумға бардық. Спортшылармен кездестік. "Бәйтеректің" ішінде жүріп, жоғарыдан Астананың әдемілігін көрдік, – деді Ақтау қаласының тұрғыны Фарида Микула.
Оқи отырыңыз: Алматыда дәстүрлі Президент шыршасы өтті