Қызық факті: әлем елдері Жаңа жылды қалай тойлайды

31.12.2023 16:50

Италияда Аяз атаның орнына сыйлықтарды сыпырғышпен ұшатын Фея Бефана таратады

elements.envato.com

Жаңа жыл әр елде қалай атап өтіледі. Жаңа жыл мерекесін тойлауға қатысты әлем елдерінің ең қызықты фактілерін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Финляндия

Жаңа жыл қарсаңында финдер балауызбен бал ашады, ал мерекелік үстелге көптеген тағамдар мен сусындар қойылады. Солтүстіктер үшін ең қажет тағам – тәтті күріш ботқасы және қара өрік желе. Финдік Аяз ата Йоулупукки деп аталады. Бұл атау "рождестволық ешкі" деп аударылады, ол ешкілерге жегілген арба мінгені үшін осылай аталады.

Швеция

Жаңа жыл қарсаңында швед балалары Лючия – жарық ханшайымы сайлауын өткізеді. Осы сайлауда жеңген қыз ақ көйлек пен тәж киіп, оған жанып тұрған шамдар бекітіледі. Лючия үй жануарларын тамақтандырады және балаларға сыйлық береді. Жарық мерекесі көшелерде, сондай-ақ үйлерде жағылған шамдармен қошталады.

Венгрия

Жаңа жыл келгенде Венгрия тұрғындары қоймаларынан мүйіздерін, сырнайларын, ысқырғыштарын алып, барынша дауыстап ысқырады. Осылайша, олар үйді жаман рухтардан тазартып, береке мен қуаныш үшін кеңістікті босатады.Мажарлардың жаңа жылдық тағамдарына асбұршақ, түйебұршақ, жаңғақ, алма, бал және сарымсақ кіреді.

Франция

31 желтоқсан қарсаңында француздар үйді ағаш пен саздан жасалған мүсіншелермен безендіреді. Францияда Аяз ата Пер Ноэль деп аталады және балалардың аяқ киімдеріне сыйлықтар салады.

Испания

Әрбір испаниялық жергілікті куранттардың ырғағымен міндетті түрде ондаған жүзім жейді. Олардың сенімдеріне сәйке, бұл рәсім келер жылға сәттілік әкеледі. Жергілікті дүкендерде банкаларда дәні мен қабығы жоқ жүзімдер сатылады. Тағы бір қызығы, алдағы 12 ай бойы материалдық проблемаларға тап болмау үшін мұнда Жаңа жылды қызыл түсті іш киіммен қарсы алу керек деген сенім бар. Бұл дәстүр еркектерге де, әйелдерге де қатысты.

Италия

Жаңа жылда итальялықтардың ортағасырлық дәстүрге сәйкес, ескі заттарын терезеден лақтыратыны көпшілікке мәлім. Бұл әдет барлық ірі қалаларда сақталмаған, негізінен ауылдық жерлерде ұстанады. 1 қаңтарда жергілікті тұрғындар ағынды судан су алып, үйлеріне апарады, жолда еңкейген қариямен кездесуді ниет етеді. Наным бойынша, мұндай құбылыс сәттілікке жеткізеді. Аяз атаның орнына елде сыйлықтарды сыпырғышпен ұшатын Фея Бефана таратады. Бірақ, мұнда сиқырлы ата да бар, оның аты – Баббо Натале.

Оңтүстік Африка Республикасы

Жаңа жылда Оңтүстік Африкада да Италиядағыдай ескі заттарды терезеден лақтыратын салт бар. Бірақ, соңғы жылдары билік қауіпсіздік мақсатында бұл дәстүрге тыйым салуға тырысуда.

Ағылшындар Жаңа жылды әртүрлі атап өтеді: ертегілерден көріністер қояды, карнавалдар мен көше жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Сыйлықтар үшін балалар үстелге табақ дайындайды. Түн ортасынан сәл ертерек Жаңа жылдың келуін білдіретін қоңырау соғылады. Ал ғашықтар Омела бұтағының астында сүйіседі – бұл рәсім ерлі-зайыптыларды келесі 12 айда ажырасудан сақтайды деп ессептеледі.

Ағылшындардың классикалық мерекелік үстеліне картоп, каштан, тұздық қосылған күркетауық, ет салынып пісірілген нан өнімдері және брюссель қырыққабаты қойылады. Десертке жемістер, сондай-ақ пудинг беріледі.

Германия

Немістердің Санта Клаусы балаларға арналған сыйлықтарды табаққа салады. Бір қызығы, ол есекпен жүреді. Ересектер қорғасынмен бал ашып, үстел ойындарын ойнап, отшашулармен көңіл көтереді.

Немістер қысқы мерекеге тойымды тағамдар дайындамайды, раклет пен фондю секілді жеңіл басытқылармен шектеледі. Балық тағамдары мен пончиктер де сұраныста болады.

Шотландия

Шотландияның Жаңа жылы Хогмани деп аталады және ол от мерекесі форматында өтеді. Оның мүшелері шайырмен толтырылып, ескі жылдың бейнесі салынған бөшкелерді өртейді. Бұл рәсім "жалын зұлым күштерден қорғайды" деген ежелгі дәстүрлерге құрмет ретінде жасалады.

Жергілікті наным бойынша, 1 қаңтарда үйдің табалдырығын аттаған алғашқы қонақ – қара шашты адам болса, ол сәттілік әкеледі. Мерекеге келген қонақ өзімен бірге көмір алып келуі тиіс, кейінірек оны сәттілік үшін алауошаққа лақтырады.

Шотландияда Жаңа жылдық үстелге таңертең – сұлы, ірімшік және пудинг, түстен кейін – стейк, қаз, пирог қойылады.

Жапония

Күншығыс елінде Жаңа жылды аурулардан қорғану және сәттіліктің серігі болу үшін жаңа киіммен қарсы алады. Шыршаның орнына кішкентай мочибана ағашы қойылады. Қарағай бұтақтарымен есіктерді безендіреді. Жаңа жылдағы түнде әрбір жапондық кемелдену және негативтен арылу үшін 108 қоңырау соғысын естуді армандайды.Күріш, кеспе, бұршақ және тұқы сияқты тағамдар отбасындағы денсаулық пен әл-ауқатты білдіреді.

Бразилия

Мұнда Жаңа жыл теңізшілердің қорғаушысы су құдайы Иманжи күнін атап өтуге негізделген. Оған шамдар мен гүлдер түрінде сыйлықтар әкелініп, оларды суға ағызып, тілектер айтады. Жаңа жыл қарсаңында Бразилияда қоңырау соқпайды – түн ортасына дейінгі қалған секундтарды дауыстап есептейді. Жаңа жылдан кейін карнавал басталады.

АҚШ, Майами

Жаңа жылдағы ең шулы және көңілді оқиғалар Майами-Бичтегі Оушен Драйв көшесінде өтеді. Мұнда ерекше киімдер киіп, билеу құпталады. Ойыншықтар мен гирляндалар ілінген шыршаның жанында музыканттар мен әртістердің қойылымдары өтеді. Мерекені атап өтудің тағы бір нұсқасы – көбінесе әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсететін кафеге немесе мейрамханаға бару. Қалталы туристер Жаңа жылды яхта круизінде қарсы алып, кеменің палубасынан отшашуды тамашалайды.

Австралия

Австралияда Жаңа жыл қыста емес, жазда тойланады. Үлкен қалаларда ашық аспан астында түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Планетадағы ең үлкен отшашулардың бірі Sydney Harbor айлағында аспанға ұшырылады. Бұл ғажайып көріністі Сидней қаласындағы мұнарадан бақылау баға жетпес әсер қалдырады, онда билеттер алдын ала сатылады. Тасмания мен Викторияда жастар арасында танымал The Falls фестивалі өтеді. Барлық штаттарда австралиялықтар бір-бірін Жаңа жылмен құттықтайды. 1 қаңтарда олар жағажайға барады, онда серфингпен шұғылданып, би билеп, пикниктер ұйымдастырады. Мерекені тойлау тағы 5 күнге созылады.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл: бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен кездесті