Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

20.03.2024 в 22:54

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады

akorda.kz

2024 жылы 20 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақорданың Telegram арнасы Президенттің сапары барысындағы суреттері және видеосымен бөлісті.

- Президент ертең, яғни 21-інде Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады, - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, бұл - 2024 жылдың басынан бергі Президенттің Алматыға екінші жұмыс сапары. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанада 24-25 қаңтарда болған еді.

Ол кезде Президент бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту жөніндегі жоспарларымен танысты, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Оқи отырыңыз: Президент: Бюджет қаржысын оңды-солды жұмсауға болмайды