Президент: Бюджет қаржысын оңды-солды жұмсауға болмайды

Almaty TV
Almaty TV

Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бюджет қаржысын оңды-солды жұмсауға болмайды. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

- Тағы бір мәселе – бюджет қаржысын үнемдеу. Үкімет бұл мәселені әрдайым басты назарда ұстауға тиіс. Қазір бюджеттің кірісі мен шығысы қайта қаралып жатыр. Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды, бұл – ақиқат. Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Тағы да қайталап айтамын. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет.

Мен бүгін тағы бір өзекті мәселеге қатысты ойымды ортаға салғым келеді. Біз соңғы жылдары кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Басты мақсат – елімізді аймақтағы ашық нарықтық экономикасы бар маңызды орталыққа айналдыру. Осы орайда ұлттық буржуазияға зор міндет жүктеледі.

Мен ұлттық буржуазия туралы ой-тұжырымды осыдан 24 жыл бұрын Давос экономикалық форумында атап өттім. Бұл жерде ұлттық деген сөз кәсіпкердің ұлтына емес, оның азаматтық сана-сезіміне қатысты айтылып отыр. Яғни, елімізге қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінетін және Қазақстанды дамытуға елеулі үлес қосатын ұлттық буржуазия керек, - деді ҚР Президенті.

Оқи отырыңыз: Мешіт салғандардың ниеті түзу, алайда мектеп, аурухана, кітапхана салу әлдеқайда маңыздырақ - ҚР Президенті

Новости партнеров