Баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек - Президент

akorda.kz
akorda.kz
15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ тілі ғылымның, техниканың, бизнестің тілі болуына үлес қосу керек. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Президент тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек екенін айтты. 

«Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді. Баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы. 

Президент ғылым мен оқу ағарту жүйесінде маңызды өзгерістер керек екенін атап өтті. 

«Қазақ тілі - ғылымның, техниканың, бизнестің тілі болуына үлес қосайық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай беретінін атап өтті. 

«Бұған ешқандай күмән болмауы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Новости партнеров