Бауыржан Оспанов малшыларына қандай сыйлық жасады
Фото: видео скриншоты
Кәсіпкер малшыларын ынталандыру мақсатында ат мінгізіп, көлік сыйға тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов шаруасында қызмет етіп жүрген малшыларына ат мінгізіп, көлік кілтін сыйға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы ақын Жандарбек Бұлғақов Youtube арнасында айтты.
Ақын Жандарбектің таратқан видеосында кәсіпкердің өз жұмысшыларына және қонақтарына қандай жайлы жағдай жасайтыны көрсетілген. Видео соңында кәсіпкер малшыларға сыйақы беріп, еңбектерін бағалайды.
Ал желі қолданушылары видеоға түрлі пікірлерін қалдырып жатыр.
«Бауыржандай азаматпен ертеректе араласқаныма қуаныштымын! Еңбекті бағалап отыр. Ол кісінің шаруасы өрлей береді. Елдің біртуар осындай азаматтары көп болсын! Құдай осылардың жолын ашып, берекесінен айырмасын!» – дейді желі қолданушылары.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33