|
08.08.2022 | 18:09
13498

Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады

Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдейді

Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады Фото: primeminister.kz

 Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, «Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылған болатын. 2016-2021 жылдары холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир