Қала басшысы колледждің материалдық-техникалық базамен танысты
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Алматы құрылыс және халық кәсіптік колледжінде болып, жастарға техникалық және кәсіптік білім беру беру сапасымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қала басшысы колледждің оқу аудиторияларын аралап, материалдық-техникалық базамен танысты. «Жас маман» бағдарламасы аясында мекемені заманауи жабдықтармен жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 170 млн теңге бөлінді. Жобаны іске асыру кадрларды даярлаудың жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік берді: дизайн, сәулет, жиһаз өндірісі, электрмен жабдықтау. Қала басшысына білім беру үдерісіне WorldSkills қозғалысының стандарттары белсенді енгізіліп жатқаны баяндалды. Шеберлер мен оқытушылар оқыту дағдыларын жетілдіру үшін Германияға, Түркияға, Малайзияға және т. б. шетелдік тағылымдамаға жіберіледі.
«Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжі» КМҚК директоры Камал Жамангөзов бірыңғай оқу ортасын құру мақсатында әлеуметтік әріптестермен байланысты кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ағымдағы жылдың 30 қарашасында колледж базасында Ресей Федерациясының «ТехноНиколь» құрылыс академиясының қолдауымен сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық құзыреттер орталығын ашу жоспарлануда. Басты міндет – студенттерге сапалы монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын үйрету, сондай-ақ шатырларда, қасбеттерде және іргетастарда заманауи және энергия тиімді материалдармен және жүйелермен жұмысты игеру. Білім берудегі ынтымақтастықтың мұндай түрлері колледж мамандарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ТехноНиколь» компаниясымен ынтымақтастық аясында колледжге 120 млн теңге инвестиция тартылды.
Өз кезегінде қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қала әкіміне Алматыда ТжКБ ұйымдарында кадрлар даярлау 99 мамандық және 165 біліктілік бойынша жүзеге асырылатынын баяндады. 2023-2024 оқу жылында ТжКБ Ұйымына 29 747 студент қабылданды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде 16 470 студент қабылданды. Сондай-ақ NEET санаты бойынша 161 студент тегін оқуға қабылданды.
Колледжге бару қорытындысы бойынша мегаполис әкімі Ерболат Досаев қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес арнайы білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ жас ұрпақты тегін техникалық және кәсіптік білім алуға белсенді тартуды тапсырды. Сонымен қатар әкімнің тапсырмасы бойынша колледж мамандары жалақысын көтеру мәселесі пысықталатын болады.
- Президенттің тапсырмасы бойынша біз кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аударамыз. Біздің мамандар нарықта сұранысқа ие болуы тиіс. Өте маңызды мәселе - түлектердің білім сапасы. Біз WorldSkills базалық стандарттарын негізге алдық, онда колледждер мен студенттер ең жоғары талаптарға сай болуы керек. Теорияны да, практикалық дағдыларды да тең оқыту қажет. Бұл біздің түлектерімізге өз білімдерін шынайы өмірде қолдануға мүмкіндік береді, - деді Ерболат Досаев. Мегаполис басшысы қала әкімдігінің түлектерді жұмыспен қамтуға баса назар аударатынын, жастар саясатын дамыту арқылы колледждерді қолдау шараларын кеңейтуге дайын екенін атап өтті.
Еске салсақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Тегін техникалық және кәсіптік білім беру" жобасын іске асыруды жалғастырудың маңызын өтіп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ 100% қамтуды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес қалада 2025 жылға дейін техникалық және технологиялық мемлекеттік колледждер базасында 18 құзырет орталығын ашу жоспарлануда.
Анықтама: Биылғы қарашада бірлескен сәулет-қала құрылысы форумы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев жас сәулетшілер қолданатын стандартты емес шешімдерді ерекше атап өтіп, қала әкімдігінің олардың 20 бекіту жөніндегі жоспар туралы хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа жылдан бастап аула аумақтарының стандарты енгізіледі