|
24.11.2023 | 18:05
2143

Алматыда келер жылдан бастап аула аумақтарының стандарты енгізіледі

Осы бағытта сәулетшілер мен урбанистер жұмысқа кірісті

Алматыда келер жылдан бастап аула аумақтарының стандарты енгізіледі Сурет: Алматы әкімдігі

Аула аумақтарын жайлы қала стандарттарына сәйкес ретке келтіру қажет. Осы бағытта сәулетшілер мен урбанистер жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

 - Біз осы стандарттарды ереже ретінде бекіткіміз келеді. Қазір заң бойынша алдыңғы жүргізілген жұмыстарға бес жыл толмайынша, аулада тіпті кішігірім жұмысты да жүргізуге болмайды. Егер бұл талап алынатын болса, онда уақыт жоғалтпай, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады, - деді  Ерболат Досаев.

Аула алаңдарын абаттандыру кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылады. Бұл ретте жылдың кез келген уақытында және кез келген ауа райы жағдайында тұрғындарға жайлы болу үшін балалар алаңдары мен воркаут-аймақтарда арнайы шатырлар орналастырылады. 

Сонымен қатар жаңа стандарттарға сәйкес аула аумақтарын міндетті түрде көгалдандыру және т. б. жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Мегаполистің арық желісі толық жаңартылып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир