Президент сұхбатынан қоғамның әр саласындағы сұраққа жауап табуға болады - сарапшы пікірі

15.01.2024 23:46

Қалың бұқара мақалаға оң пікірін білдіруде

Almaty.tv

«Бұл – қазақ қоғамына үлкен қозғау салған ойтамызық». Сарапшылар халық арасында қызу талқыға түсіп жатқан Президент сұхбаты жайлы пікір білдіріді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар».

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты көлемді әрі мазмұнды». Қалың бұқара мақалаға оң пікірін білдіруде. Сарапшылар «Мемлекет басшысының сұхбатында елдік сана, бірлік, зиялы қауымның рөлі, қазіргі дәуірде ұлт болып ұйысудың маңызы мен жолдарын сыни тұжырымдық тұрғыдан талдап берді» дейді ҚХА мүшесі.

Ол Президенттің «халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек» дегені көңілінен шығып, сұхбатты бір деммен оқып шыққанын айтады.

– Президент бірлік, ынтымақ болса, барлық жетістікке жететінімізді ашып айтты. Қазақстанда 100-ден аса ұлт өкілі тұрады. Бірлік, ынтымақ, тыныштық бар жерде жетістікке жетеміз, – деді ҚХА мүшесі Долкунтай Абдулхалил.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатынан қоғамдық санада қалыптасып үлгерген сан сауалдарға орынды жауап табуға болады». Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров осылай пікір білдірді.

– Мемлекет басшысы ауқымды һәм мазмұнды сұхбат берді. Онда қоғамның әр саласындағы сұраққа жауап табуға болады. Сыртқы және ішкі саясатты да сөз етіп, ел дамуына үлес қосатын елең еткізер өзекті мәселелерге тоқталды. Президент бастаған осындай еркін сұхбат көбеюі тиіс, – деді Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров.

Сарапшылар «өткен жылды екшелеп, болашақты бағамдаған сүбелі сұхбат алдағы бес жылдықты айқындап берді» дейді. Сондай-ақ идеология саласындағы көп мәселенің шешімін талқылайтын Ұлттық құрылтай бүгінде сындарлы диалог алаңына айналғаны көңіл қуантатынын айтты.

Гүлмарал Изатқызы, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қоғам белсенділері Мемлекет басшысының сұхбатына пікірін айтты