Іс-шараны «Бозторғай» халықаралық фестивалінің қоғамдық қоры ұйымдастырған
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында «Ардагерлер - ардағым» тақырыбында концерттік бағдарлама өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бостандық ауданының ардагерлер алқасы қатысқан мерекелік іс-шараны «Бозторғай» халықаралық фестивалінің қоғамдық қоры ұйымдастырған. Кеште аға буын өкілдері ән айтып, өлең оқыды. Концерттік бағдарламада күй тартылып, мереке қарсаңында ұлттық рухты асқақтата түсті.
– Халық тек кәсіби әншілердің өнерін тамашалап үйреніп қалды ғой. Ал қазір қарапайым, үйде отырған ата-әжелер, аналар өнерін көрсетеді. Жылда қарттар айында осындай байқаулар өткіземіз, – деді Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Асен Беспаева.