Республика күні: Алматыдағы еріктілер игі істер марафонын бастады

19.10.2023 00:08

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 50 жанұяны қамту жоспарланған

Almaty.tv

Алматыдағы еріктілер Республика күні қарсаңында игі істер марафонын бастады. Ертең олар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 50 жанұяны қамту жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Тұтынуға қажетті тауарлар және тұрмыстық химиялық заттарды салдық. Бұйырса, еріктілермен бірге әрбір үйге жеткізіп береміз. Республика күні – ұлттық мереке. Сол мерекеде бір-бірімізге сыйлық сыйлау дәстүрін жандандырсақ деген ниет бар, – деді қайырымдылық қорының директоры Жасұлан Қуандық.

Еріктілер «материалдық көмекке мұқтаж жанұяларға көмек беру игі істің басы ғана» дейді еріктілер. Мереке қарсаңында олар жақсылыққа бастайтын өзге де жұмыстарды іске асырмақ.

– Тұрақты көмектесіп тұратын мұқтаж отбасылардың тізімі бар. Ол тізім әкімдікпен бірлесе тексеріледі, ары қарай көмек көрсетеміз. Мереке қарсаңында қаламызда іс-шара кешені ұйымдастырылып жатыр, – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күні қалай тойланады