|
09.02.2024 | 19:15
4046

Үкімет басшысы құрылыс құнына қатысты деректерді тексеруді тапсырды

Олжас Бектенов жаңадан жасақталған Үкімет батыл әрекет ететінін ескертті

Үкімет басшысы құрылыс құнына қатысты деректерді тексеруді тапсырды Almaty.tv

Қазақстанда құрылыс құнын қолдан көтеру фактілері тексеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл министрдің басын қосып жиын өткізген Олжас Бектенов сметалық құжатқа қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс дейді. Үкімет басшысы материалдар мен жұмыстың құнын орынсыз өсіруге қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Олжас Бектенов министрлерді қағазбастылықтан арылуға шақырды. Президент тапсырмасын бұлжытпай орындаймыз деген ол жаңадан жасақталған Үкімет батыл әрекет ететінін ескертті.

– Сапалы экономикалық серпіліс жасау үшін барлық ықтимал ресурстарды толық көлемде пайдалануымыз керек. Ресурстар бар, өсу қарқынын тиімді ұлғайту керек. Экономиканы әртараптандыруды белсенді жүргізу, инвестиция тарту және барлық салалық проблеманы шешу үшін Үкіметке жергілікті өкілеттік берілген, – деді ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: тау бөктеріндегі құрылыс ретке келтіріледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир