Ерболат Досаев: Тау бөктеріндегі құрылыс ретке келтіріледі

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жеке тұрғын үйлердің (ЖТҚ) құрылысын реттеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мегаполис басшысының айтуынша, Алматы әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған.

- Біз ұсынысымызды енгіздік, өйткені бүгінде ЖТҚ жай ғана хабарлау арқылы – тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі, сонымен қатар желіге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үдерісін ретке келтіру бастамасын қолдауы туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек, - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады

Новости партнеров