Алматыда Наурыз қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» жастар фестивалі өтті

Алматыда Наурыз қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» жастар фестивалі өтті
Алматы фестивалі студент жастарды, қоғамдық бірлестік белсенділерін біріктірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақында Алматыда «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысы құрылды. Ұйымдастырушылар өздерінің алғашқы іс-шарасын көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында студенттермен өткізуді ұйғарды. Ол үшін «Алматы Аренада» белгілі әртістер, спортшылар, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендердің қатысуымен фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылайша, қозғалыс бастамашылары мегаполис жастарын жаңа Қазақстанның құрылысына көмектесетін жаңа жетістіктерге ынталандыруға шешім қабылдады.

Алматы фестивалі студент жастарды, қоғамдық бірлестік белсенділерін біріктірді. Бір сахнада әр түрлі жанрлар мен стильдер, әр түрлі жас, мәдениет, бағыттар кездесті. Жас алматылықтар уақытты көңілді өткізіп қана қоймай, ең бастысы – олар бірігу форматын және алдағы жұмыстың бағыттарын талқылай алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей: «Жаңа Қазақстан – қазіргі ұрпақтың болашаққа деген келісімі. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымыз гүлдене берсін!»

«Жаңа Қазақстан» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі кәсіпкер Сырымбек Тау серіктестерімен бірге қоғамдық қозғалыс құру және өз қаржысына концерт-фестиваль өткізу туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру біздің қолымызда. Бізге сіздер сияқты білімді және жігерлі жастар керек! Отандық кәсіпкерлікті дамыту жастарға, көшбасшыларға байланысты. Жастар әрқашан қозғаушы күш болды», - деді С. Тау.

Ол  фестивальден кейін Алматы жастары белсенділік пен сындарлы идеяларға толы болады деген үмітін білдірді.

Фестивальдің барлық қатысушылары жаңа бағыт және оған жас қазақстандықтарды кеңінен тарту туралы айтты. Фестиваль қонағы продюсер және музыкант Азат Әбікен жас алматылықтарға өзінің патриотизмі туралы айтып берді.

«Мен көптеген елдер мен қалаларда болдым. Байқағаным, мына жарық дүниеде біздің елден артық ештеңе жоқ, ол- Қазақстан. Шағымданудың,  біреуді кінәлаудың, біреу көмектеспеді деп айтудың қажеті жоқ. Елімізді бірге жақсартайық. Күшіміз- бірлікте. Сол арқылы біз барлық межелерді бағындырамыз», - деп атап өтті Азат Әбікен.

Фестивальдің басты мәні - қазіргі жастардың сүйікті хиттерін орындаған қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі болды.

Новости партнеров