Д. Исабеков: Бұл – санамызды нығайтатын, мемлекетшілдікті оятатын атаулы күн
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Бұл мереке маған қандай міндет жүктейді?». Жазушы Дулат Исабеков әр азамат осы сұраққа саналы түрде жауап іздеп, жұмыс істесе, қоғам ілгері дамитынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
– «Еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін, елдің болашағының дамуына қандай үлес қостым?» деген сұрақ қоя отырып, жұмыс істесек, қоғам ілгері дамиды. Осындай дүниені санамызға сіңдіріп келе жатқан фактордың бірі – тәуелсіздік мерекесі, Республика күні. Осы мерекелер маған қандай міндет жүктейді? Осы міндетті толық ұғына алатындай, Абай айтпақшы, «толық адам» ұғымын санамызға сіңірсек, ел болашағы да жарқын болмақ. Республика күні құтты болсын! Бұл – санамызды нығайтатын, мемлекетшілдікті оятатын атаулы күн! – деді жазушы Дулат Исабеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
22.11.2026 15:55