Желтоқсаншылар Қапшағайға Қонаев есімін беру туралы ұсынысты қолдайды

19.03.2022 02:10

Алматыда «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің V конференциясы өтті

Almaty.tv

Желтоқсаншылар Қапшағай қаласына тарихи тұлға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру жөніндегі Президенттің ұсынысын қолдайды. Бұл туралы бүгін Алматыда «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің V конференциясында хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұйымда атқарылған жұмыстары туралы өзара есеп беріп, бірлестікке жаңа төраға сайлауды талқылады. Сонымен қатар, өзге өңірлерден де келген белсенділер Президенттің саяси реформалары еліміздің дамуына ықпал ететінін айта келе, бұл жолғы Жолдаудың ерекше әсер еткенін жасырмады.  

«Қасым-Жомарт Кемелұлының негізгі бағдарламасы өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жақты десе де болады. Неге десеңіз, ол бір кездерде аты аңызға айналған Қонаев ақсақалдың атын Қапшағай қаласына берсек деп отыр. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз», - деді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрдәулет Жайнақов.