Президенттің жаңа идеяларына бірге қол жеткізейік – Рахат Шимашева

18.02.2022 04:51

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді

Видеодан кадр

«Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тіліне деген үлкен құрметін ұғынуға болады. Осылай деген Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашева Мемлекет басшысын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгінгі Президентіміздің сұхбатында, қазақ тілімізге деген үлкен құрметті, сыйластықты ұғынуға болады. Бұл әрбір Қазақстандықтың міндеті және қаңтар оқиғасына қатысты тұжырымдамасынан «Жаңа Қазақстан» құруға деген мақсатын байқауға болады.

Сұхбат кезіндегі қызметкерлерді еліне ерінбей, адал еңбек етуге шақырды. Осы ұстанымдарды барынша ұстанатын болсақ, еліміз жаңа деңгейге жетеміз деген сенімдемін.

Қиын күндерді бастан өткізген қазақ халқына жұбаныш болған, президентіміздің қолдауына улкен алғысымды білдіремін. «Жұмыла көтерген, жук жеңіл» демекші, біріге отырып жаңа идеяларға, жаңа шыңдарға қол жеткізейік», - деп жазды Р. Шимашева Facebook-парақшасында.