"Медеу" спорт кешенін қайта жаңғырту: Алматы әкімі жұмыс барысымен танысты

07.12.2025 12:12

Қала басшысы мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын айтты

t.me/ilzat_akchurin

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Ильзат Акчуриннің хабарлауынша, қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.

Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақүй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады.

«Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады», - деп жазды Ильзат Акчурин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр