Алматы жолдарының сапасы жақсы – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала басшылығы биыл Алатау, Наурызбай және Түрксіб ауданында жалпы саны 415 көшені асфальттауды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында бұрын-соңды мүлде жол болмаған 8 ықшам ауданға жаңадан асфальт төселген. Қала басшылығы биыл Алатау, Наурызбай және Түрксіб ауданында жалпы саны 415 көшені асфальттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жолдардың сапасы қаншалықты сын көтереді? Бұл сұраққа Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары жауап берді. Сарапшылардың сөзінше, асфальттің мықты әрі үгітіліп кетпеуі үшін түрлі технология енгізіп отыру маңызды.

«Қала жолдарының сапасы жақсы. Институт осы уақытқа дейін 200 жаңа технологияны тәжірибеден өткізді. Оның бәрі осы жолдардың берік болуы үшін жасалып жатқан дүние», – деді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті Азамат Жайсаңбаев.

Қалаға қосылған елдімекендерде кезінде жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымдар мүлдем болмаған, сондықтан қала шетіндегі шағын аудандарға жол салу жобасы «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. 

Новости партнеров