Алматыда «Дүйсенбілік футбол-2020» турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спорттық додада шаһар базарларында жұмыс істейтін жас қызметкерлерден құралған 20 команда қатысады. Жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейтін шараның жүлде қоры 6 жүз мың теңге. Шешуші ойын 12 қазанға жоспарланып отыр.
«Jas Otan жастар қанатының ұйытқы болуымен, қалалық Қоғамдық басқармасының қолдауымен, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында жұмысшы жастардың арасында футболдан турнир өткізіп отырмыз. Бұл жерге базарларда қызмет етіп жатқан, ТЖО-да, шаштаразда қызмет етіп жатқан жастардан құралған командалар келіп қатысып отыр», – деді Jas Otan жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахмет.