Бұл шаралар қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз – Станислав Канкуров

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Алматы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров Алматы тұрғындарын жаңа жобаны талқылауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құрметті алматылықтар, сіздерді жаңа жобаны талқылауға қатысуға шақырамын!

Қала әкімі Ерболат Досаев қоғамдық талқылауға «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасын шығарды.

Біздің мегаполис тұрғындары осы жобамен танысып қана қоймай, 1 шілдеге дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында өз ұсынысын қалдыра алады.

Алматының кеңістіктік дамуының негізгі міндеті жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру.

Бағдарламада бейімделген әлемдік тәжірибе негізінде дамудың 7 мақсаты көзделген:

1. Жайлы қалалық орта. Инфрақұрылымның 15 минуттық жерде жақын орналасуымен және аудандардың көлік байланысымен орамдық жоспарлау;

2. Орнықты экономикалық өсу.  Жоғары Еңбек өнімділігі және жайлы бизнес-орта;

3. Басқарылатын урбандалу. Қала мен Алматы агломерациясын біркелкі дамыту;

4. Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық. Қолжетімді және сапалы әлеуметтік инфрақұрылымы бар тең мүмкіндікті инклюзивті қала;

5. Жасыл Алматы. Таза ауа және қолайлы экологиялық орта;

6. Смарт сити. Цифрлық шешімдер мен ауқымды деректерді талдау негізінде басқарылатын қала;

7. Қауіпсіз қала.  Азаматтардың қауіпсіздігіне деген сенімі және ТЖ-ға дайындығы.

Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз және ойластырылған ортаны қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында


Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Новости партнеров