Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесті

YouTube
YouTube
Кездесуге 280-нен астам адам келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 280-нен  астам адам келді.

Қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, ауданның негізгі мәселесі электрмен жабдықтау болып қала береді. Жағдайды шешу үшін 2022-2023 жылдарға арналған қаланың электр жүйесін жаңғырту жобасы іске асырылып жатыр. Алмалы ауданы бойынша екі жыл ішінде резервтік қуаттарды 10 кВт-қа дейін ұлғайта отырып, 156 км ескірген кабельдік желілерді ауыстыру және 13 тарату және 195 трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта жаңарту көзделген. Бүгінгі таңда 55 км кабель желілері ауыстырылып, 8 тарату және 42 трансформаторлық қосалқы станциялар жаңарды. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ауданның электр желілерінің орташа тозуы 70-тен 56%-ға дейін төмендейді.

Жауын-шашын кезінде су басу ауданда өзекті мәселе болып отыр. Аудан бойынша тұрақты су басудың 12 учаскесі анықталды. ТЖ желісі бойынша проблеманы шешу үшін жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы 3,6 км коллекторды қалпына келтіру, 2,3 км арық желілерін және Райымбек даңғылының бойына 1,6 км канал салу қарастырылған. Сонымен қатар, күзде 52 учаскеде 34 км арық желісін қайта құру және салу жұмыстары басталады, ол 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.

Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 4,7 км 8 көшені орташа жөндеу аяқталды, сондай-ақ 14 мекенжайда тротуар желісінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалпы ұзындығы 10,2 км болатын тағы 10 көше қосымша орташа жөнделетін болады.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында қыркүйек айында Қабанбай батыр көшесінде 850 орынды Prometheus school жеке білім беру мектебін ашу жоспарланған. №15 гимназияны күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ол 2023 жылдың шілде айында аяқталады.

Мектепке дейінгі орындар тапшылығы мәселесін шешу үшін жыл басынан бері 225 орынды 3 жекеменшік балабақша ашылды. 30 тамызға дейін №7 балабақшаның сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары аяқталады. Әйтеке би-Мәуленовтегі бұрынғы балабақша ғимараты жалға беруден қайтарылды. Жыл соңына дейін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленеді. ҚМЖ 2023 жылдың екінші тоқсанында басталады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 22 үйде 57 лифт ауыстырылды. Жыл соңына дейін 3 үйде тағы 8 лифт ауыстырылатын болады.

Сондай-ақ, ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша биыл Сейфуллин - Төле би, Шәріпов-Шевченко көшелеріндегі 4 үй тұрғындарының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Тарихи бірегейлікті сақтау үшін ағымдағы жылдың басынан бері 10 шағын қабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін 34 үйдің жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан бойынша жыл соңына дейін 34 жоба жүзеге асырылады. Олардың ішінде – АРО саябағын автоматты суару және көгалдандыру жүйесі, АЗТМ саябағындағы иттерді серуендетуге арналған алаң, Бөгенбай батыр бульварын Сейфуллин даңғылынан Шәріпов көшесіне дейін абаттандыру, Досмұхамедов көшесі, 68 және Аносов көшесі, 37 екі ауланы жөндеу қарастырылған.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді.

Новости партнеров