Медеу ауданында 2023 жылы 335 млрд теңге инвестиция тартылды

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Медеу ауданында 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң көрсеткіштеріне қолжетті. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 13%-ға өскенін, 335 млрд теңге инвестиция тартылғанын, 29%-ға  артқанын атап өтті.

"Жоғары инвестициялық белсенділік шағын және орта бизнес санын 22%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, егер 2022 жылы 37,4 мың субъект болса, 2023 жылы - 43,9 мың субъект. Экономиканың қарқынды дамуы 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және салық түсімдерін 48%-ға 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді", - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: LIVE: Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр

Новости партнеров