Almaty City App жаңа қосымшасы жыл соңына дейін іске қосылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу алдында делегация басшылары, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев робототехника және цифрландыру саласындағы заманауи шешімдер қойылған көрмені аралап көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Digital Almaty 2024: Индустрия Х – болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті, оған ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы келді. Кездесу алдында делегация басшылары, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев робототехника және цифрландыру саласындағы заманауи шешімдер қойылған көрмені аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімдігі Almaty-Smart Сity тұжырымдамасын ұсынды, ол азаматтарға арналған цифрлық сервистерді құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін жақсарту және инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру жөніндегі жобаларды қамтиды.

Қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек Almaty City App жаңа қалалық қосымшасын таныстырды.

«Almaty City App қалалық цифрлық сервистерді көрсету үшін Бірыңғай терезе болады. OpenAlmaty [Алматы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі) сынды сервиздің Ахуалдық орталығының ашық модульдері, VisitAlmaty [Алматыдағы туристерге арналған қосымша] біздің қаламыздың тұрғындары үшін бір рет басу арқылы қолжетімді болады», - деді Олжас Жаңабек. 

Жобаны биыл жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы-Smart City-ді дамытудың басты жобасы қаланың Цифрлық егізі (Digital Twin) болып табылады, ол болашақта неғұрлым ақылды және тиімді қалалық кеңістік құру үшін қалалық инфрақұрылымды модельдеуде, талдауда және басқаруда негізгі құралға айналады.

Анықтама: өткен жылдың 9 айында Алматының ЖӨӨ $32 млрд құрады, оның ішінде $1,7 млрд. коммуникациялық технологиялар саласына тиесілі.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы ел экономикасы кемінде 5,3% деңгейінде өседі – Үкімет

Новости партнеров