Алматыда Наурыз мейрамын тойлау Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтуден басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл күні мегаполис тұрғындары мен қонақтары Көктөбеге жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды.
Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді, жақсы тілектер айтады.
Айта кетейік, 14 наурызда Көктөбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында «Көктөбедегі Амал күні» атты мерекелік концерт өтеді. Оған «Жігіттер» тобы, «Алатау серілері» тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады.
Оқи отырыңыз: Алматыда бәйшешек гүлдеді