Алматыда бәйшешек гүлдеді

instagram/botsadkz
instagram/botsadkz
Галантустар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бас ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді. Биылғы алғашқы галантустың суреттері ботаникалық бақтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Енді көктем келді деп анық айта аламыз. Ақыры ботаникалық бақта галантус гүлдегенін көрдік. Оны бәйшешек деп те атайды. Шын мәнінде, бұл гүлдердің алғашқы өскіні қаңтардың ортасында пайда болды, бірақ суық және қалың қар олардың толық гүлдеуіне жол бермеді", - делінген желідегі жазбада. 

Мамандардың айтуынша, галантустар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

"Сондықтан оларға ұқыпты қарауыңызды, көгалдар мен ашық жерлерде жүрмеуіңізді, әсіресе гүл термеуіңізді сұраймыз. Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлерін жою айыппұлмен, тіпті үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Галантустардың сұлулығын алыстан тамашалаңыз", - дейді бақ мамандары.  

Оқи отырыңыз: Жаңа әлеуметтік жоба: Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында студенттер кәсіби мәнерлеп сырғанауға үйретеді

Новости партнеров