|
21.03.2024 | 09:06
2887

Қош келдің, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!

Алматылықтар әз-Наурызды қалай атап өтеді

Қош келдің, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз! Пресс-служба акимата Алматы

Наурыз мерекесіне орай Алматының әр ауданда концерттер мен мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алатау ауданында концерттік бағдарлама 21-23 наурыз аралығында сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда (Нұркент шағынауданында, 6) үш күн бойы өтеді.

Әуезов ауданында концерттік бағдарлама 22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін аудан әкімдігінің алдындағы алаңда (Алтынсарин даңғылы, 23) өтеді.

Бостандық ауданында киіз үйлер көрсетілімі, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі және концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін «MEGA Center Alma-Ata» СОО алдындағы алаңда (Розыбакиев көшесі, 247а) өтеді.

Жетісу ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік мерекелік іс-шаралар 21 наурызда Құлагер шағын ауданындағы «Гүлдер» саябағында (Серіков көшесі, 2а) сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Түрксіб ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша көрсетілімдері бар мерекелік концерттер 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта (Шолохов көшесі мен Щербаков көшесінің қиылысы) өтеді.

Наурызбай ауданында концерттік бағдарлама 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау даңғылы мен Строительная көшесінің арасында) өтеді.

Алмалы ауданында негізгі іс-шаралар «Астана» алаңында өтеді: 21 наурыз 11:00-ден 22:00-ге дейін және 22 наурыз 12:00-ден 22:00-ге дейін мерекелік бағдарлама, театрландырылған шоу, цирк әртістерінің қойылымы, ұлттық спорт түрлері бойынша ойындар және т.б.

Алматының Арбатында (Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысы) 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін қуыршақ театрының актерлері, халық жанрының артистері өнер көрсетеді, сонымен қатар, кітап жәрмеңкесі мен қолөнершілер көрмесі өтеді. 22 наурызда сағат 13:00-ден 18:30-ға дейін этно-фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғимаратының алдында 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін қуыршақ театрының, танымал музыкалық ұжымдардың және өнер академиясының студенттерінің мерекелік бағдарламасы өтеді. 22 наурызда сағат 13:00-ден 18:30-ға дейін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, «Алматы әуендері» артистерінің және вокалдық-аспаптық ансамбльдің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Медеу ауданында 21 наурыз күні сағат 12:00-де Абай атындағы алаңда Наурыз мейрамы аясында Наурызды тойлайтын елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін біріктіретін «Nauryz Fest» халықаралық фестивалі өтеді. Сондай-ақ, 21 және 22 наурызда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамы: эстрада жұлдыздары қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир