Мектеп, емхана мен саябақ: Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік мақсатқа сатып алынды

қала әкімідігінің баспасөз қызметі
қала әкімідігінің баспасөз қызметі
2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу; Әуезов ауданы Қуаныш шағынауданындағы №18 емхана; Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру; Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу; Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша; Түрксіб ауданы Әлмерек шағынауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б жобалар бойынша сатып алу аяқталды.  

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды, Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі - 68,3 мың га.

Новости партнеров